Қарағандыда мектеп ғимараттары тексеріледі

Қарағандыда мектеп ғимараттары тексеріледі

Қарағандыда балаларға арналған ғимараттардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара 50 жылдан көп тұрған мекемелерді қамтиды. Осылайша тізімге 37 нысан ілігіп отыр. Бұған қаладағы №50 мектеп төбесінің опырылып түсуі түрткі болды. Аталған оқиға бойынша тексеріс нәтижесі енді он күнен соң белгілі болады. Алдын- ала анықталған нұсқалардың біріне сүйенсек, әу баста осы білім ордасының құрылысында кемшіліктерге жол берілген. Ондағы баған бетонға емес, кірпішке тіреліп тұрған. Енді, міне, жаңа оқу жылы алдында мектеп спорт залсыз қалды. Құлаған төбенің жалпы аумағы 200 шаршы метрге жуық.

Есентай Әшім, қалалық білім бөлімінің басшысы:

– Техникалық сараптамадан кейін біз сметалық құжаттармен айналысамыз.Сонан кейін мемлекеттік сараптама өткеннен кейін барып, күрделі жөндеу жұмыстарына кірісеміз.