Лагерьлерде өрт қауіпсіздігі сақталмаған – Ақмола облысы

Лагерьлерде өрт қауіпсіздігі сақталмаған – Ақмола облысы

Ақмола облысындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде өрт қауіпсіздігіне қатысты 25 заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеріс нәтижесінде мамандар кей сауықтыру орындарының электр желілері мен өртті анықтау және сөндіру жүйелерінің дұрыс жұмыс істемейтіндігін байқаса, енді бірінде тіпті эвакуациялау жолдары болмаған. Нәтижесінде 4 лагерь басшысы әкімшілік жазаға тартылды.

Айта кету керек, профилактикалық шаралар енді әр 10 күн сайын жүргізіледі.

Нұрлан Атығаев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

– Кей сауықтыру орындарында автоматты дабыл тетігіне қатысты қызмет көрсету бойынша келісімшарт болмаған, ал енді бірінде өрт сөндіруге қажетті құрылғылар жеткіліксіз. Бірақ бұл олқылықтар жойылды.