2010 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті Мәскеуде ұсталды

Экспресс К

Сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбеков 2010 жылдан бер 2010 жылдан бер халықаралық іздеуде жүрген.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаментінің мәліметінше, тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтан» «Алшерге» өзгерткен.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды.