Елімізде жоспарланған 22 су қоймасының үшеуі ғана салынған

Елде 2021 жылға дейін салынуы тиіс 22 су қоймасының тек үшеуі ғана іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалғанының тиімділігі қайта қаралып, құрылысы кейінге шегерілген. Бұл туралы бүгін Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Добол Бекмағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2025 жылға дейін 9, ал 2030 жылға дейін 39 су қоймасы салынбақ. Болжам бойынша сегіз жылдан кейін елде су тапшылығы 23 текше шақырымға жетеді. Қуаңшылық, әсіресе, Орталық Қазақстанда қатты сезілуі мүмкін. Ал Оңтүстік пен Батыс өңірлерге қажетті тіршілік нәрінің бастауы өзге мемлекетте. Сондықтан бұл өңірлерде де су қауіпсіздігі күн тәртібіндегі мәселе. Тіршілік нәрін барынша үнемдеу үшін цифрлық жүйелер енгізілу жоспарланған. Қазірдің өзінде 23 канал цифрландырылды. Биыл 89-ы жаңа жүйеге ауысады. Жалпы 2025 жылға дейін 8 облыста 120 каналды жаңалау жоспарланған. Осы мақсатқа 221 миллиард теңге бөлінді.

Досбол Бекмағамбетов, ҚР ЭГТРМ су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары:

– 9 суқойманы біз 25 жылға дейін саламыз. Негізінде 2030 жылға дейін жоспарда 39 суқоймасын салу бар. Сол 22 суқоймасы кезінде тізім енгізілген. Бірақ кейбір өңірлерде оның экономикаға, ауыл шаруашылығына ықпалы аз болғаннан кейін корректировка жасап, жаңадан 39 суқоймаға зерттеп Қазақстан бойынша 39 суқоймасын салатын болдық.