БҚО-да дәрігер мамандар тапшы

  Жәнібек аудандық ауруханасы соңғы 4 жылда жоғары білімді 3 жас маманмен толыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ осы жылдар ішінде 5 дәрігер басқа жаққа қоныс аударыпты. Қазір ауруханада акушер гинеколог, хирург, психолог-нарколог пен окулист және ультра дыбыстық зерттеу маманы бар. Дені жастар. Ақ халаттылардың қызмет сапасына қатысты ауыл тұрғындарының пікірі әрқилы:       

Гүлсім Кенжина,  Жәнібек ауылының тұрғыны:

- Аурухананың қызметіне көңілім  толмайды. Өте жауапсыз өте салақ қарайды. Қарамайды потому что дұрыс. Бір жыл болды қызым борнхит. Қит етсе Оралға жібереді. Мен өзім женскидан 10 рет барып КТ мен МРТ ға түстім. Оралға барам, мынадай қағаз береді, киста, миома дейді. Оралға барғанда жағдайыңыз  түзеліп кете ме? Жоқ түзелмейді. Оралдағылар қайтадан ауылға жібереді. Екі ортада жүреміз.

Нұрила Сейтәлиева,  Жәнібек ауылының тұрғыны:

- Жас маман келді, керемет қарады немеремді. Енді анау-мынау дейтін ештеңеміз жоқ. Дәрігерлер бәрі де дер кезінде қарайды. Қолдарынан келгендерін істейді. Дәрі-дәрмектерін болса береді. Көңіліміз толады ауруханамызға. Неге десеңіз 500  шақырымға барғаннан аудандағы дәрігерге қаралғанымыз тиімді өте.

Аурухана ультра дыбыстық зерттеу қондырғысымен, медициналық  жылжылмалы  кешенді автобусы, рентген және өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтылған. Тіс емдейтін рентген және наркоз аппаратына тапсырыс беріліпті. Айнагүл Сұлтанова перзентхана бөлімінің акушері. Аудандық ауруханада жұмыс істеп келе жатқанына биыл 12 жыл. Туған ауылымда еңбек етіп жүрмін. Баспана мәселесі шешілді. Әзірге ешқайда көшу ойда жоқ. Жылына 200-дей бала дүние есігін ашады. Соның 60-шақтысының кіндігін өзім кесетінім рас,- дейді ол.  

Талғат Серікқалиұлы,   тілші:

- Бұл бала күтіміне арналған ескі, шамамен 30 жыл бұрын сатып алынған аппарат. Ал жақында аудандық ауруханаға мынадай су жаңа  аппарат сатып алынған екен. Бұл қондырғы сіздердің қолыңызды қаншалықты ұзартады және атқаратын қызметі қандай?  

Айнагүл Сұлтанова, Жәнібек аудандық ауруханасы перзентхана бөлімінің акушері:

- Бұл қондырғы шала туған балаларды салуға арналған. Температурасын бәрін бірқалыпты ұстап тұрады. Және мынадай фототерпаиясы бар сарғаюға қарсы балаларды салады. Негізінде доношенный балаларда 14 күнге дейін, недонешкілерде 21 күнге дейін қоспаймыз.

Өкінішке қарай мамандардың бәрі Айнагүл секілді ауылда тұрақтамайды. Жәнібек ауданы облыс орталығынан 500 шақырым жерде. Жолы салынып біткен жоқ. Жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандар шалғай ауылға барғысы келмейді. Аудан әкімдігі аурухана басшылығымен бірлесіп медицина университеттерін жағалап көрген. Бірақ нәтиже шамалы. Биыл ауданға жалғыз ғана маман келеді екен. Оның өзі де жалпы тәжірибелік дәрігер. Салалық дәрігерлер мүлде жетіспейді.   

Сәуле Исмағұлова,  Жәнібек аудандық ауруханасының директоры:   

Бізге 25 маман керек. Қазір деген 5 мамандық жетпейді. Кардиолог, ЛОР, невропатолог, анестезиолог, рентгенолог.  Эндокринолог жоқ бізде, онкологке бізде хирург сол маман 0,5 ставкамен істейді. Педиаторлар жоқ бізде, орнына бізде Жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ВОП) жұмысын атқарады.

Арман Қалибеков, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Мамандар жаңа сіз айтып кеткен мысалы анестезиолог-реаниматолог, хирургтар олар келу үшін олар резидентура бітіру керек. Оған 1-2-3 жыл керек. Енді олар 7 курс бітіріп сосын резидентураға түсуі керек. Резидентураға түскеннен кейін общий 10 жыл кетеді бір маман шығуы үшін.

Әзірге ауылға баратын жас мамандарға 1 миллион теңге көлемінде көтермеақы төленеді. Баспанамен қамтылады. Бірақ, бұл да жеткіліксіз дейді тұрғындар.

Ләззат Абдулова,   Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Көтермеақыны келетін мамандарға 2-3 есе көбейтсе. Келген мамандарды үймен қамтамасыз етіп отыр, ауданда ол жағынан проблема жоқ. Бірақ сол келген адам үш  жыл емес 5-6 жылға дейін қызмет етуге міндетті етсе бәлкім дәрігерлер де біздің өңірімізге сіңіп жергілікті болып кетер ме деген ойлар бар.

Дәрігер тапшылығы түрлі аурулардың көбеюіне әкеп соқтырады. Былтырғы жылмен салыстырғанда аймақта жалпы өлім көрсеткіші төмендеген. Қан айналымы жүйесі аурулары да азайыпты. Бірақ: 

Арман Қалибеков, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

2 жылдың ішінде салыстырып қарағанда жасарып жатқан ауру инсульт. Біздерде инсульт орталығы бар, сол отделениеге бұрын түскен науқастардың  жасы 60-тан жоғары болды. Қазіргі таңда 40-50 жас біздің жерлестеріміз түсіп жатыр. Үлкен проблема сол инсульт болып отыр. Онкологияда да жастар арасында өсіп жатыр.     

Қазір еліміздің медициналық жоғарғы оқу орындарында облыстан бөлінген грант есебінен 169 студент білім алып жатыр. Олардың алды 2024 жылы бітіреді. Соңғы 2 жылда резидентураға 75 адамға грант бөлінген. Облыстық көпбейінді аурухананың 19 дәрігері де резидентурада білімін ұштап жатыр. Сала мамандарының да ендігі бар үміті соларда...

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Елдар Аюпов