Павлодарда бей-берекет салынып жатқан үйлер тексерілді

Павлодарда қала ішінде бей-берекет салынып жатқан үйлердің құжаты тексерілді. Соңғы үш жылда берілген рұқсат қағаздарда өрескел заң бұзушылықтар анықталған.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары жекеменшік компаниялардан негізгі құжатты қабылдамай тұрып, құрылыс бастауға рұқсат берген. Оған қоса детальді жоспарлау сияқты құжаттамалары болмай шықты. Қоғамдық кеңес өткізілмеген, қаланың бас жоспарында да ескерілмеген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары осыған ұқсас 49 деректі анықтады. Заң бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты нақты шешімді қоғамдық кеңес мүшелері қабылдайды. Әзірге құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатуға ұсыныс жасалды.

Назымбек Бекжанов, обл. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Бұл мәселені қоғамдық кеңес талқылап, нақты шешім қабылдайды. Біз өз тарапымыздан рұқсат қағаздарды беруді тоқтату, заңсыз құрылыс жұмыстарын тоқтатуды ұсындық. Заңсыз салынып жатқан нысандардағы жұмыс та жіті бақылануы тиіс. Құрылыс бөлімінің мамандарына айыппұлдар салынды. Соттың жекеменшік анықтамасы бар.