Ақтөбенің әуежайы қала сыртына көшіріледі

Ақтөбенің халықаралық әуежайы қаладан 30 шақырым жерге көшіріледі. Мамандар қазір шаһардың бас жоспарына түзетулер енгізіп жатыр. 

Бұл жоспар іске асса, әуе кемелерін қабылдайтын ұшып-қону алаңы Алға ауданының Нұрбұлақ және Ақсазды ауылдарының маңында болады. Әуежайды қаладан қашыққа салу алты жыл бұрын бекітілген бас жоспарда  болған. Алайда қаражат тапшылғынан құрылыс  кейінге шегерілген. Жалпы билік өкілдері әуежайды көшіру уақыт талабы дейді. Себебі қазіргі тұрған жеріне бау-бақша ұжымдары жақын орналасқан. 

Аслан Жарасбаев, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

- Әуе ұшу айлағынан қауіпсіз үш километр жерде ешқандай құрылыс нысаны, жалпы ешнәрсе болмау керек. Көшіреміз, бірақ бұны поэтапно. Профильный мамандар бар ғой. Солар өздері қарап жатыр. Технически-экономическое обоснование соны жасап жатыр бірінші очередь. Соны не істегеннен кейін уже белгілі болады қанша суммаға шығады?