Е.Қарашөкеев: Қант қызылшасын өңдейтін зауыт салынады

 Елді қантпен қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар қолға алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президенттен ескерту алған соң жауапты министрліктер нақты іске кірісе бастады. Бүгінгі Үкімет отырысында сөз алған Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қант мәселесін егжей-тегжейлі қарауға уәде берді. Бірнеше ұсыныс та айтты. Алдымен жаңа суармалы жерлерді қолданысқа енгізу, сондай-ақ қант қызылшасын өңдейтін зауыттарды салу басты назарда деді.