ӨКМ операторының қаржысы ауыл шаруашылығы техникасын несиелеуге жұмсалады – Қайырбек Өскенбаев

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері ӨКМ операторының» қаржысы ауыл шаруашылығы техникасын несиелеуге жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті. «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде біз қазір Экология министрлігімен бірлесіп, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген кредит беру тетігін енгізу мәселесін пысықтап жатырмыз» деді министр.

Сондай-ақ ол қолданыстағы лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту жоспарда бар екенін айтты. Биыл осы бағдарламаны іске асыруға 10,5 млрд теңге көзделген деді Қайырбек Өскенбаев.