Қостанай облысында көпбалалы отбасылардың жалдау ақысының жартысын мемлекет төлейді

Мағжан мен  Жанар Ділдебаевтардың пәтер жалдап жүргендеріне он  жылдан асыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үйелмелі-сүйелмелі төрт баласы бар. Осы жылдар ішінде олар он шақты пәтер ауыстырған. Көшіп-қонудың тауқыметінен тыс, жалдау ақысының қымбаттап кеткендігі де көп балалы отбасына салмақ болып түсті. Сондықтан  жалға беру төлемін  субсидиялау бағдарламасына қатысуға ұсыныс түскенде қуана келіскен.

Мағжан Ділдебаев, Қостанай қаласының тұрғыны:

- Біз сияқты көп балалы отбасыларға бұл өте үлкен көмек. Мысалы жаңағы 3 бөлмелі, 4 бөлмелі үй жалданса, оған мыңдай тұрады ондай жалдамалы  пәтер. Соның жарты ақысын мемлект, үкімет өтеп жатыр.