Рейстерді кешіктірген әуе компаниялары тексеріледі

Рейстерді кешіктірген әуе компаниялары тексеріледі

Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары рейстерді кешіктіргені үшін жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтқанда, жолаушылар Алматы – Мале, Нұр-Сұлтан – Ташкент, Алматы – Қостанай және басқа да рейстердің кешіктірілгеніне қатысты шағымданған. Осыны негізге алып, Азаматтық авиация комитеті тергеу жүргізеді. Жолаушылар құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайда әуе компаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қолданыстағы заңнамаға сай, рейс тасымалдаушының кінәсінен кідірген немесе орындалмаған жағдайда жолаушыларға ана мен бала бөлмесі берілуі тиіс. Рейс 2 сағатқа кешіккен жағдайда салқын сусын, 4 сағат күткен кезде ыстық тамақ және түнгі уақытта ыстық тамақ тегін берілуі қажет. Сондай-ақ күндіз 8 сағаттан аса және түнде 6 сағаттан артық күткен жағдайда қонақүй, көлік тасымалы қамтамасыз етілуі тиіс.