БҚО-да шағын ауылдарда таза су жоқ

Жәнібек ауданына қарасты Еңбекші елдімекенінде 200-дей адам тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

30 шақты түтіннің негізгі күнкөрісі төрт түлікпен тығыз байланысты. Техникалық судан проблема жоқ,  елді мекен аумағында 3 бірдей су тоғаны бар. Тұрғындарды ауыз су мәселесі қинап отыр.

Зәкәрия Шоманов,   шаруа қожалығының басшысы:   

- Суды қазір тасып ішеміз, жәнібектен, ұзынкөлден. Рейсі 10 мың.  30 жыл бойы сусыз отырмыз. Кезінде құдықтарымыз боллған, бәрі де ащып кетті. Судың жағдайы қиын болып тұр. Суды Ақбұлақ бағдарламасымен шешсе жақсы болары еді, соған кіргізіп.

Бекежан Шарафутдинов,  Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі:

- 3-4 жыл бұрын бұл мәселе көтерлді. Ауыз су тарту үшін жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып берілген болатын. бірақ күні бүгін бұл мәселе шешімін тапқан жоқ. биыл конкурс ойнатылды. Бірақ конкурс өткенімен, жұмысты жүргізетін мердігер анықталғанымен күні бүгінге тиісті қаржы бөлінбеуіне байланысты бұл жұмыстар бастала қойған жоқ.

Бала саны жетпеген соң балабақша жабылған. Ауылдағы медициналық бекет те жабық тұр. . Басы ауырып балтырыс сыздаған тұрғындар аудан орталығына барады. 

Сәуле Исмағұлова, Жәнібек аудандық ауруханасының директоры:   

- Еңбекші ауылында медпункт жоқ болған соң халқы наразылық білдірді. Біз оны шештік солай, бұрынғы интернат школа жабылған соң бала болмаған соң, біздің балансқа алдық. Қазіргі уақытта ол ғимарат санитарные нормаға жатпаған соң кап ремонтқа ПСД істеп, сол ақша бөлінген соң медпункт ашылады деп ойлаймын.

Негізгі су көздерінен жүздеген шақырым қашықта жатқан елді-мекендерге құбыр тарту тым қымбат. Оларды орталықтандырылған су жүйесіне қосу үшін кемі 600 миллион теңге қажет. Өзекті мәселені шешудің бір жолы тұрғын саны 200 адамнан аспайтын шағын ауылдарға су тазартатын кешенді блок модульдар орнату. Өйткені, көп ауыл тұтынып отырған ауыз су сапасы санитарлық нормаларға еш сай емес. Биыл 5 ауылға осындай кешенді блок модульдар орнатуға қаржы бөлінген. Ол Ақжйық, Бөкей Ордасы, Жаңақала, Тасқала және Бөрлі аудандарындағы  шағын елді мекендер.

Нұркен Молдашев,  облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

- Еңбекші ауылы бойынша сметалық жобаық құжаттама жасақталып отыр. Құны 122 миллион теңге. Біз былтыр да биыл бюджеттік өтінімді жолдаған болатынбыз салалық министрлікке. Онымен қолдау таппай отыр.  Құрсай мен Көлтабан бойынша биыл облыстық экономика  басқармасына  бюджеттік өтінім жолдадық кешенді блок модуль қоюға. Онымен қазір қолдау таппады. Бірақ тамыз айында тағы да жолдаймыз биылға қоюға. Бөлінсе биыл КБМ қоятын боламыз.

Биыл басталатын 15 жаңа жоба аясында 24 ауылға су жеткізіледі. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджет есебінен  8 милиард теңге бөлінген.  Нәтижесінде өңірде ауыз сумен қамту қамту көрсеткіші 92 процентке жетпек.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов, Елдар Аюпов