Балабақшаларды лицензиялау қоғамда қызу талқылануда

Балабақшаларды лицензиялау қоғамда қызу талқылануда

Балабақшаларды лицензиялау мәселесі қоғамда қызу талқылануда.

Шынында соңғы уақытта бөбекжайларда баланы ұрып-соғу деректері жиілеп кетті. Бұл қалың елді толғандырған өзекті тақырыпқа айналды. Мәселені түп-тамырымен жою үшін лицензиялаудың жаңа түрі енгізілген болатын. Алайда енді жеке балабақшалардың иелері жаңа ережедегі талаптардың қатаңдығын айтып дабыл қағуда.

Бану Әлкенова, «Зерде» балабақшасының меңгерушісі:

- Лицензиясыз да бізді тексеріп жатқан құзыретті органдар бар. Жан-жақтан келіп тексеріс болады. Енді жетпегені қысым болды, сонда жабылмағалы не қалды? 121-бұйрық бойынша қаңтарда шыққан мен ойлаймын бір де бір балабақша лицензияны ала алмайды. Жеке меншік түгілі мемлекеттік балабақшалар ала алмайды.