Отбасы банк өткізген конкурс бойынша баспананы бере алмай отыр

Отбасы Банк көктемде тұрғын үй кезегіндегілерге конкурс өткізген еді. 150-ден астам адамға төлем қабілеттеріне сай несие мақұлданған. Тұрғын үй қорымен шарттар жасалды. Алайда осы күнге дейін тиісті пәтерлер берілмей отыр. Неліктен?

Үй алуға кезекте тұрған дәрігерлер, мұғалімдер, көп балалы аналар бас-аяғы 150-ден аса адам көктемде төбесі көкке жетердей қуанған еді. Алайда тиісті құжаттар дер кезінде тапсырылғанымен "Нұрлы жер" бағдарламасының "Шаңырақ" бағыты бойынша баспаналы боламыз деген қуаныштары көп ұзамай су сепкендей басылды. "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беру үшін қаржыландыру жоқ" көрінеді. 

Гүлнәр Бейсембина, қала тұрғыны:

- Біз енді не істерімізді білмейміз. Уақытылы керек құжаттың барлығын тапсырдық, кредитті берсе болды. Пәтерімізге орналасу керек. Көп адам үй жалдап тұрады, ешкімге оңай емес, балалар мектепке дайындалуы керек. Ал біз әлі сандалып жүрміз. Белгілі бір уақыт жоқ. Егер қаржыландыру болмаса, неге бағдарлама ашады?  Уақыт өтіп жатыр, егер 6 айдың ішінде пәтер кілтін алмасақ бағдарламадан өткеніміз есептелмей қалады. 

"Қаражат болмаса байқау өткізген дұрыс емес", - дейді жиналғандар.

Тұрғындар оқу жылы басталғанша өз пәтерлеріне кіріп, балаларын жақын маңдағы мектептерге орналастырудан үмітті. Ал үй алуға берілетін мемлекеттік сертификаттардың мерзімі өтіп жатыр. Оны ұзарту мүмкін емес, дейді тұрғындар. Дегенмен, Отбасы банк бұл жолы талаптарына өзгеріс енгізді. Дәл осы бағдарламамен үй алушылар мерзімі кешіктірілсе де пәтерлерін алатынын атты.

Жансұлтан Матаев, «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры:

- Осы маусым айының ортасына дейін бұл бағдарламада ешқандай мәселе болған жоқ. Осыған дейін конкурстан өтеді келеді пәстерін алып кетіп жүрді адамдар. Осы соңғы екі апта бір айдың ішінде мәселе бар. Себебі бөлінген ақшаны сәйкесінше қабылданды жұмсалды. Содан соң біз қайтарылған ақша есебінен беріп жатырмыз, кезек-кезеңмен шақырып. Қазір тізім қалыптасты осы 22-27 маусым күндері 47 адам пәтерлерін бастап алады, ешкім тоқтап қалмайды. 

Яғни мәселе біртіндеп шешімін табады. Әйтпесе "Шаңырақ" бағдарламасы арқылы 2020 жылдан бері 4557 адам баспаналы болды. Сондықтан банк өкілдері байқаудан жеңіп шыққан азаматтар ипотека арқылы үй алады деп сендірді. 

Гүлзия Нақыпқызы, Ақылбек Есімсейітов