Елімізде коронавирустың жұғуы 3 есе артты

Елімізде коронавирустың жұғуы 3 есе артты

Елімізде соңғы бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 3,2 есе өсті.

Оның 89 проценті вакцина алмағандар. Ал қалғаны соңғы 6 айда ревакцинациядан өтпеген. 

Бұл туралы бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен отырысында белгілі болды. Бұдан бөлек елорданың 8 емханасында жүргізілген мониторинг барысында медициналық ұйымдардың 12 процентінде сүзгі-кабинет жұмысы ұйымдастырылмағаны анықталған. Осы тұста Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне COVID-19 жұқтырған науқастармен жұмыс жүргізу алгоритмін сақтамайтын ұйымдарға тиісті шара қабылдауды және тексеруді барлық өңірде жүргізуді тапсырды.