Елімізде үш миллион гектар жайылым заңсыз берілген

Елімізде үш миллион гектар жайылым заңсыз берілген

Бұл соңғы 3 жылдағы көрсеткіш. Сондай-ақ бүгінге дейін 18 млн гектар жердің игерілмегені анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда бұл аумақтың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 миллионы қолданысқа берілді. Сондай-ақ ел бойынша шамамен 15 млн гектар қоғамдық жайылымның жетпейтіні анықталды. Жағдайды жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен мемлекетке қосымша 5 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, жайылымдық жерлерді бөлу кезіндегі заңсыздықтары үшін 500-ден аса лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.