Қарағандылық ғалым зиянды қалдықсыз өндіріс көзін ойлап тапты

Қарағандылық ғалым зиянды қалдықсыз өндіріс көзін ойлап тапты

Қарағандылық ғалым зиянды қалдықсыз кальцийленген сода өндіру әдісін ойлап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өнім металлургия өндірісінде кеңінен қолданылады. Қазақстан жыл сайын 400 мың тоннаға жуық өнімді қажет етеді. Елде аталған ұнтақ шығарылмағандықтан, ол көршілес елдерден импортталады. Ғалым Қалқаман Жұмашевтің әдісіне қазіргі күні Павлодар қаласының мамандары қызығушылық танытқан. 8 жыл бойы осы бағытта еңбек еткен маман әлем елдері кальцийленген сода ұнтағын әлі де ХІХ ғасырдағы әдіспен өндіріп жүргенін айтады. Оның салдары қоршаған ортаға теріс әсер етеді. Себебі қайнатылған әктің зияны орасан зор дейді маман. Ал ғалымның әдісінде әктің орнына омноий хлориді пайдаланылады да, шығын едәуір азаяды. Ол омноий хлориді қоршаған ортада қолжетімді. Қазір ғалым өз әдісін патенттеп, халықаралық авторлық құқығын иеленген.

Қалқаман Жұмашев, техника ғылымдарының докторы:

– Бұл технология өндіріске енгізілетін болса, біздің ұтарымыз не? Біріншіден, экология, ешқандай ауаға қатты, сұйық қалдық болмайды. Екіншіден, экономикалық жағынан тиімді. Оның өзіндік құндылығы төмендейді. Одан кейін ол нарықта бәсекелестікке жол береді.