Коронавируске қарсы қандай вакциналар қолжетімді?

Коронавируске қарсы қандай вакциналар қолжетімді?

Қазіргі уақытта республика бойынша вакциналау және ревакциналау жұмысы жалғасып жатыр.

Қазақстанда вакцинаның үш түрі қолжетімді, олар QazVac, Sinopharm және Pfizer. Ревакциналау үшін QazVac және Sinopharm бар.

Бұл туралы инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді.

Маманның айтуынша, екпе егу орындарында 1 млн 600 мың вакцина дозасы бар. Халықтың 56%-тен астамы індетке қарсы екпе алған.

«Орта есеппен тәулігіне 10 мыңнан астам адам вакцина салдырады», - деді Роза Қожапова.

Басқарма басшысы мамыр айының соңынан бастап елде ревакциналау енгізілгенін еске салды. Бүгінде халықтың 55%-і қайтадан екпе жасатқан.

Роза Өтегенова, №3 көп бейінді қалалық балалар ауруханасы директорының м.а.:

- Еліміздің бірқатар өңіріндегі инфекциялық ауруханаларда төсек-орындардың тез толуы байқалады. Індет жағадан алып, дендеп барады. Себебі 5 жасқа дейінгі сәбилердің ауру жұқтыру дерегі жиілеген. Елорданың өзінде 60-тан аса бала ауруханада жатыр.