Жетісу облысындағы 40 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылады

«Жер аманаты» комиссиясы Жетісу облысындағы 40 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтару керек деп есептейді.

Партия хатшысы Дәулет Кәрібек заңсыз берілген жерлерді қайтару жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бірнеше айдың ішінде комиссияның күшімен Қарағанды, Жамбыл, Түркістан және Ақтөбе облыстарындағы 160 мың гектардан астам жайылым мемлекетке қайтарылған. Ал сол өңірлердегі тұрғындар ауыл шаруашылығы алқаптарының тапшылығына шағымданды.

Дәулет Кәрібек, "Amanat" партиясының хатшысы:

- «Жер аманаты» комиссиясы құрылған болатын. Осы әрбір өңірде, әрбір ауданда іс-шаралар жүріп жатыр. Мақсаты пайдаланылмай жатқан заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтарып беру. Жетісу облысы бойынша 41 мың жер мемлекет меншігіне қайтарылды.