Электросамокат мінген адамның құқықтық мәртебесі қаралмақ

Электросамокат мінген адамның құқықтық мәртебесі қаралмақ
Егемен Қазақстан

Электросамокат мінген адамның жолда жүру тәртібі айқындалады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«1 шілдеде электр самокаттарының техникалық сипаттамасын белгілейтін ұлттық стандарт күшіне енді. Осы стандарттың талаптарын ескере отырып, электросамокатты басқаратын адамның құқықтық мәртебесі мәселесін қарастырамыз. Сондай-ақ олардың жолд жүру тәртібін анықтаймыз», – деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте. Оның айтуынша, бұл түзетулер «өрескел» құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік ықпал етудің тиімді іс-шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. «Менің ойымша, бұл түзетулер сонымен қатар елдегі апат жағдайына оң әсер етеді», – деді Жандос Мұратәлиев.