Ақмола облысында 690 шаршы метр тұрғын үй салынады

Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Өңірде жыл соңына дейін 690 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оның жартысына жуығы салынып, екі жарым мың адам пәтер кілтін алды. Көкшетау қаласындағы Сарыарқа ықшам ауданының құрылысы қанатын кеңге жайып келеді. Соңғы жылдары мұнда мемлекеттік бағдарламалар бойынша бірнеше тұрғын үй салынып, жүздеген ақмолалық баспаналы болды. Мысалы, жаңадан бой көтеріп жатқан мына бір үйде 70 отбасы қоныстанады. 

Асхат Жұмабеков, мердігер:

Біз қазір мынау монтаж жасап жатырмыз. Кладка 100 проценттей бітті, 99 процент бітті. Қазір плиталарды монтаждап жатырмыз. Бізде инженерлік желісі, электричество бітті. Ішіндегі жұмыстар: терезелер қазір дайындалып жатыр.

Биыл Ақмола облысындағы барлық қала, ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Әсіресе Ақкөл, Атбасар, Бурабай, Целиноград аудандарында бірден бірнеше баспана бой көтеріп жатыр. Басымдық кезекті тұрған адамдар мен «Отбасы банк» салымшыларына беріледі.

Нұрсұлтан Әлемов, құрылыс басқармасының бас маманы:

– Облыс аумағында 2022 жылы республикалық және облыстық қаражат есебінен 55 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы көзделген. Ағымдағы жылы 694 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалуға беріледі деп жоспарланған. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз 13 көп пәтерлі тұрғын үй немсес 919 пәтер.  «Отбасы банк» салымшылары үшін 21 көп пәтерлі тұрғын үй немесе 986 пәтер пайдалануға беріледі.

Жалпы жыл соңына дейін 5 мың ақмолалықтың баспана мәселесі шешіледі. Қазір оларға 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Аслан Әбутәліпов, Евгений Шинкоренко