ШҚО-да жылу энергиясын тұтынушыларға 166 млн теңге қайтарылады

Монополияға қарсы қызмет өкілдері жүргізген зерттеулер бойынша өткен қыс маусымы өлкеде өте жайлы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәйкесінше  жылумен қамтитын мекемелер көмірді аз тұтынды. Бұл қаржылық шығын да жоспардағыдан кем болды деген сөз. Сондықтан заңға сәйкес есеп-қисап қайта қарастырылу керек. Осылайша алдағы жылдың қаңтар айында  тұтынушылар тарифті екі есе төмен төлейтін болды.

Ақтөре Дидаров, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі облыстық департаменті бөлімінің бас маманы: 

- Қыс қаншалықты жылы болса, көмір де аз жұмсалады, яғни шығын аз. Сондықтан 26 жылумен қамту нысаны қайта есептеу жүргізді.