Әлімжеттікке электрон білезіктің әлі жете ме?

Қорғаныс министрлігі әскердегі әлімжеттікпен енді білезік арқылы күреспек. Тиісті ведомство өкілдері Орталық коммуникацилар қызметінде берген брифингінде осылай деп мәлімдеді.

Әлгі құрылғылар әскеридің жүрек қағысынан хабар беріп тұратын көрінеді. Бірақ олардың қолданысқа қашан енетінін кесіп айтпады.

Статистикаға сенсек, соңғы 5 айда елде 4 жарым мыңға жуық азамат өз-өзіне қол салған. Оның төртеуі қарулы күштерде тіркелген. Тағы 7 cолдат өзін өлтірмекке талпынған. Тергеу барысында суицид жасағандардың екеуінің бұл әрекетке отбасылық жағдайлар үшін барғаны анықталды.

Дархан  Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Яғни бұл 0,6 пайызы. Бұл жерде мен осы сандардың артына жасырайын деп тұрған жоқпын, дұрыс түсініңіздер. Жаңа да айтқанымдай, арнайы топ құрылды. Сол топ суицид деректерін азайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.