Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы сезіліп отыр

Қаладағы отын құю стансаларында ұзын-сонар кезек пайда болған. Тіпті бірқатары қолма-қол ақшаға автогаз беруді доғарған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстың шалғай аудандарындағы жағдай да дәл осындай. Нәтижесінде шөп шабу науқанына кіріскен шаруаларға оңай соқпайтын түрі бар. Өңірде газ тапшылығының бар екенін әкімдік өкілдері де мойындап отыр. Олардың айтуларынша, бұған Павлодардағы зауыттың жөндеуге жабылуы себеп болған. Сол себепті аймақ шілде айына қажетті 13 500 тоннаның орнына 3,5 мың тонна кем алған. Ал, қазіргі қалыптасқан мәселені шешу үшін өңірдегі бір газ өңдеу кешенінен қосымша отын бөлінді. Сөйтіп, бірер күнде жағдай қалыпты деңгейге түседі деген үміт бар.

Нартай Сертаев, облыстық Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Шілде айына бөлінген мың тонна бүгін ғана келіп жатыр тек теміржол бойымен. Ал, тамыз айына бөлінген ол 12 141 тоннаны құрайды. Ол қазіргі уақытта Qazaq oil-мен және СНПС-пен келісімшарттар. Ол допольнительно келетін объемдар бізге. Сол 12 мың тонна есептеуіміз бойынша жетіп қалуы мүмкін.