Қызылорда облысында табиғи газ арзандады

Қызылорда облысында табиғи газ арзандады

Қызылорда облысында табиғи газ бағасы 21%-ке арзандаған. Бұған дейін тұрғындар көгілдір отынның мың текше метріне қосымша құн салығынсыз 16 мың 500 теңге шамасында төлейтін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді баға 13 мыңға дейін төмендеді. Бұған дейін табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының өңірде 2,3 миллиард теңге негізсіз пайда тапқанын анықтаған болатын. Газ таратушы мекеме сол қаржының 1,4 миллиардын бір жылға тарифті төмендету арқылы абоненттерге қайтаратын болады. Қазіргі таңда табиғи монополияларды реттеу департаменті қалған қаражатты қайтару шараларын жүргізіп жатыр.   

Мирас Зерипбаев, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы:

– 902 млн теңге бойынша, яғни 2,3 млрд теңге қалған қаржысы бойынша қазіргі таңда сот жүруде. Жоғарғы соттың 1-отырысы 22 шілдеде болды ағымдағы жылдың. Екінші отырысы әлі тағайындалған жоқ. Сот шешімі бойынша нақты шешім қабылданатын болады.