Алматыда күз түспей жатып ағаштар қурап барады

Алматыда күз түспей жатып ағаштар қурап барады

Тұрғындар осыған алаңдайды. Мұны жасыл желекке мониторинг жүргізген экобелсенділер мен мәслихат депутаттары растады.

Айтуынша, ағаштар ыстықта дұрыс суарылмаған. Яғни тендерді жеңіп алғандар ауқымды жұмысты игере алмаған. Сондықтан оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту қажет деп санайды. 

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін қаланың жасыл желек электронды реестріне 4 млн жуық ағаш кіргізілген. Соның 84 мыңнан астамына қауіп бар. Оған қоса «Жасыл Алматы» акциясы аясында 1 млн ағаш отырғызу жоспарланған еді. Соның 650 мыңға тартасы егілген. Бірақ сол отырғызылған жасыл желектің 20 проценті қурап кеткен.

Ұлан Абдулдаев, қалалық экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары:

- Себебі мердігер үйымдар жасыл желектерді екккен мердігер ұйымдардың механикалық түрде суарылады да водовозбен су құйып, қазіргі таңда ол эффект бермей жатыр да. Сол себептен тамшылау жүйесін орналастырып жатыр. Өспей қалған ағаштарды өтемдік қалпына келтіру жұмыстары гарантинный міндет мердігер ұйыммен бар күзгі мезгілде жүргізіледі. Күзгі мезгілде жүргізілмеген жағдайда әкімшілік шара қолданылады, сотқа жүгіну арқылы.