БҚО-да ойын алаңдары уайым болды

БҚО-да ойын алаңдары уайым болды

Осы Батыс Қазақстан облысында үй ауласындағы ойын алаңдары да уайым болды. Таяуада Оралдың өз басында болған жазатайым жағдайлардан бөлек, Теректі ауылында да жеткіншек жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Темір жабдыққа мінген 6 жасар қыз саусағынан айырылған. Қала әкімдігінің өкілдері енді мұндай жағдайларды болдырмаймыз дейді. Шаһарда 500-ден астам тұрғын үй ауласы бар. Соңғы 10 жыл ішінде шамамен 90%-і абаттандырылған. Десек те көбі қайта жаңғыртуды талап етіп тұр. 

Мирас Мүлкәй, қала әкімінің орынбасары:

– «Аула аумақтарын кешенді абаттандыру» бағдарламасын қабылдаған болатынбыз. Осы бағдарламаға сәйкес біз былтырғы жылы 50 аулаға абаттандыру жұмыстарын бастадық. Осы 50 ауладан басқа, қосымша тағы 25 жоба дайын. Осы бағдарламаға сәйкес тапсырылған нысанға біз кемінде 5 жыл кірмеуіміз керек. Бірақ та 5 жылға шыдай ма, шыдамай ма, ол тұрғындарға байланысты. Мында енді, иә, әкімдікте де жауапкершілік бар. Біз істейміз, бірақ та ата-аналардың жауапкершілігін жоққа шығаруға болмайды.