Көппәтерлі үй тұрғындары интернет операторын енді өздері таңдай алады

Тұрғындардың құқығы шектелмеуі тиіс, сондықтан, құрылыс компаниялары үйді салу барысында 1 емес, бірнеше операторды анықтауы қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді. Сондай-ақ, вице-министр қазақстандықтар алдағы екі жылда 5G желісін кең көлемде пайдалана алатынын жеткізді. Елді мекендердегі интернеттің сапасы қашан жақсарады? Ауылдарды кең жолақты ғаламтормен қамтуға не кедергі? Жалпы, елімізде 5G желісін енгізу қарқыны қалай болмақ? Бұл мәселелер елордада өткен «Цифрлық Қазақстанға бет бұру» конференциясында талқыланды. Былтыр елімізде мобильді интернеттің сапасыз қызметі үшін тұрғындардан 530-ден аса шағым түскен. Аты бар да, заты жоқ интернет операторларының жауапкершілігін арттыру үшін елде айыппұл көлемі де ұлғайтылды.

Асхат Оразбек, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

- Айыппұл көлемін 10 есеге дейін көбейттік, байланыс сапасын талапқа сай еместігі анықталса, оператор алғашқыда 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлейді. Сапасыз қызметті ретке келтірілмесе, айыппұл 1 жарым АЕК-ке дейін артады. Мәселен өткен жылы 500-ден аса тексеріс жүргізіліп, 135 млн теңге төленді. Биыл айыппұл өсті.

Наталья Мочу, ХЭБ ТМД бойынша аймақтық директоры:

- Қазақстанда тұрғындардың 50 пайыздан төмені кең жолақты интернетке қолжетімділік 10 шақырымға дейінгі елді мекендерде тұрады. Бұл аймақ бойынша жоғары көрсеткіш саналмайды. Сондықтан, шағын, орташа және ірі елді аймақтарда оны қолжетімді ету қажет. Ал ғаламтор тұтушыларының саны Қазақстанда тұрақты түрде өсіп келеді.