Ақтауда әскери ұшақтар шеруі өтті

Ақтауда әскери ұшақтар шеруі өтті

Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары алғаш рет әскери ұшақтардың әуедегі өнерін тамашалады. Шараға Қазақстан Әуе қорғанысы күштері армия авиациясының тікұшақтары мен жойғыш ұшақтары қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери ұшқыштар Каспий теңізінің үстінде жоғарғы пилотаж әдістерін орындап, өз шеберліктерін көрсетті. Ұшақтар шеруі аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Мұндай шара Маңғыстау облысында алғаш рет өтіп отыр.

Бауыржан Ешмұханов, армия авиациясы радиоэлектрондық құралдарға қызмет көрсету тобының басшысы:

– Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толу аясында өткен шарада армия авиациясының МИ-8 және МИ-35М тікұшақтары, сондай-ақ СУ-27 әскерижойғыш ұшақтары қатысты. МИ-8 және МИ-35М ұшақтары ең төмен биіктікте жұптасып ұшты. СУ-27 ұшағы да әуеде түрлі әдістерді орындап, жиналғандарды тәнті етті.