Вайнер Мейіржан Төребаевты қамау мерзімі ұзартылды

Вайнер Мейіржан Төребаев тағы бір ай қамауда отырады. Онымен бірге Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев Mudarabah Capital қаржы пирамиадасын құрды деп айыпталған болатын.

Осы жылдың 20 сәуірінде Төребаев пен Шерниязов қамауға алынып Саидбаев қашып кеткен еді. Кейін күдіктілерді қамауға алу мерзімі 19 тамызға дейін ұзартылса, кеше Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты оларды қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты. Яғни Мейірхан Шерниязов енді 16 қыркүйекке дейін, ал Мейіржан Төребаев 18 қыркүйекке дейін қамауда болады.