Алматыда «Алатау» әлеуметтік қызмет орталығында күрмеулі мәселе көп

Алматыда «Алатау» әлеуметтік қызмет орталығында күрмеулі мәселе көп

Алматыдағы «Алатау» әлеуметтік қызмет орталығындағы емделушілердің саны ай сайын артып келеді. Қазір мұнда әртүрлі ауруға шалдыққан 150-ден астам адам бар. Алты ай бұрын ғана ашылған орталықтың жұмысымен бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова танысып қайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталықтың жұмысы қауырт. Қамқорлыққа алынған жандарға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетеді.

Атап айтар болсақ, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және медициналық бағыттар бойынша білікті мамандар жұмыс істейді. Орталықта осы күзден бастап мүгедектермен қарым-қатынасты жеңілдететін ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында жаңа бағдарламаны енгізу жоспарланып отыр. Дегенмен мұнда кейбір шешілмеген мәселелер де бар. «Мысалы мемлекеттік сатып алу емес, жан басына қаржыландыру жүйесі жолға қойылса», – дейді орталық қызметкерлері 

Гүлфайруз Қасымова, «Алатау» әлеуметтік қызмет орталығының директоры:

Мемлекеттік орган болған соң ай сайындық ақшаны игеру керек. Игермесең, ол тағы да қиын. Не игере алмай қаламыз, бір жағынан сатып та ала алмай қаламыз. Кей кезде сатып та ала алмай қаламыз. Кей кезде дәрілерімізде жетпей қалады. Проблемелар көп. Сол үшін соны үкімет ойласа деп ойлаймын.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бүгін орталық жұмысымен таныстым. Мұнда мүгедек адамдарды өмірге бейімдеудің барлық жолы қарастырылған екен. Қолынан іс келетін шеберлерге де жағдай жасалыпты. Олардың тамағы мен жатын орны да жақсы екен. Дегенмен шешімін күтіп тұрған мәселелер де бар. Оны тиісті мекемелерге жеткізетін боламын. Жалпы үлкен қалаларда осындай оңалту орталықтарын көптеп ашу қажет.