Талдықорғанда жаңа пәтер берілді

Пәтер алып, қоныс тойын тойлап жатқандардың бірі Етекбаевтар отбасы. Олар Талдықорғанға 2015 жылы Сарқан ауданынан көшіп келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ардақ Айбарұлы, тілші:

- Талдықорған қаласы бойынша апатты жағдайда тұрған 14 үй бар. Олардың көбі өткен ғасырдың 60-шы жылдарында салынған. Бүгінде ескіріп, әбден тозығы жетіп тұр. Жергілікті атқарушы билік тұрғындарға үй алып беріп, қауіпсіз жерге көшіре бастады.

«Үйімізді сатқанымыз сол еді, доллар бағамы аспандап, пәтер құны шарықтап кетті. Ауылдағы сатылған үйіміздің ақшасы қаладан ескі пәтер алуға ғана жетті. Міне, енді сол үйімізді жағдайы жағсы баспанаға ауыстырып, қуанып жатқан жайымыз бар», - дейді отанасы Оразхан Етекбаева.

Оразхан Етекбаева, қала тұрғыны:

Біздің ең главный қорқынышымыз ана төбеміз түсіп келе жатты үстіңгі этаждағы. Сол ана кісілер жүрсе свет өшіп қалады. СКЛ. Паровой болмай тұрғанның алдында әр үйде пеш болған. Пешті жағатын болсақ, Әрбір үйдің түтіні шығып тұратын. Сондай қорқынышта болдық. Үш бөлмелі үй алдық. Қазір үйіміз жарқырап тұр, міне, жақсы. Көңілімізден шығып тұр. Рахмет! Алғысымыз шексіз!

Талдықорғанда қолға алынған бұл жоба реновация бағдарламасы бойынша жүзеге асып жатыр. Соған сәйкес, апатты жағдайда деп танылған үйлерді жергілікті атқарушы билік жағдайы жақсы пәтерлерге ауыстырып береді. 

Мәди Шәкенов, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

Енді осы пәтерлерді тұрғындар жекешелендіріп, өзінің аттарына аудара алады. СКЛ. Жалпы бұл жобаның аясында екі бөлмелі үйге екі бөлмелі пәтер беріледі. Үш бөлмелі болса, үш бөлмелі пәтер беріледі.

4 бала тәрбиелеп өсірген Бекежан Есімқұлов есімді мына азамат апатты деп танылған Кивилев көшесіндегі №2 үйде әлі тұрып жатыр. Құжаттарын тұрғын үй инспекциясына өткізіп қойған. Жаңа пәтер берілуін бала-шағасымен бірге тағатсыздана тосып жүр. 

Бекежан Есімқұлов, қала тұрғыны:

- Үйдің жағдайы көріп тұрғандарыңыздай енді. Бәрі шіріген. Ағаш, шықыр-шықыр лестницаға шығып түскеннің өзі. Зорға тұрған үйлер енді. Жақсы, әйтеуір беріп жатыр. Алған көршілерден нетіп жатырмыз, жақсы деп мақтап жатыр бәрі. Әйбәт алған үйлері.

Қалалық әкімдіктегілердің айтуынша, үйінің құжаты дұрыс азаматтардың бірде бірі баспанасыз қалмайды. Ал ескі үйлер сүріліп, орнына жаңа көпқабатты тұрғын үй кешендері салынатын болады.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев