Қазақстаннан Түркияға ардагерлер шеруге шықты

Қазақстаннан Түркияға ардагерлер шеруге шықты

Тәжік-ауған шекарасында, Таулы Қарабақта, Иракта болған азаматтар топтасып, алғаш рет халықаралық автошеру ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадан қозғалған ардагерлер Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтауға барып, одан әрі Әзербайжанға аспақ. Бакуден соң Иранға аттанып, соңында шеруді Түркияда аяқтауды жоспарлап отыр. Бас қаладан бес көлікпен аттанған азаматтардың қатары жолай толыға түседі. Ардагерлердің мұндай шеруі түркі тілдес елдер арасында тұңғыш рет өтпек. Сапар барысында қазақ азаматтары Әзербайжан, Иран, Түркияның ардагерлер бірлестігімен келісімшарт бекітуді мақсат тұтып отыр.