Жетісу облысында жаңа экологиялық апаттың қаупі туындап тұр

Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Екіаша ауылында екі бірдей ГЭС салынып жатыр. Бірі елді мекеннің дәл ортасында тұрғызылады екен. Тұрғындар бұл нысан іске қосылса аймақта экологиялық апат бола ма деп алаңдайды. Себебі энергия өндіретін мекеме Басқан өзенін үлкен құбыр арқылы ағызбақ. Сол кезде ағын суының арнасы кеуіп кетеді, дейді ауыл белсенділері.  

- Ауылдың ішінен ГЭС салып тастаған. Ауылдың ішінен база. Халық риза емес.

Станцияның салынуына қарсылық білдіргендер шаруашылыққа қажетті судан қағыламыз ба деп қауіптенеді. Өйткені құрылысшылар өзен арнасының екі жарым шақырымына екі қатар құбыр тартып, тау суын сол арқылы ағызбақ. 

Бейбіт Шаров, ауыл тұрғыны:

- Су деген тіршілік көзі ғой. Осы арқылы ғой бәрі бақшасын суғарады. Суды трубаға салып жіберсе ауылда су қалмай қалады деген қорқыныш. 

ГЭС 2019 жылы салына бастады. Сол кезде құрылыс жұмыстары ауыл тұрғындарының келісімінсіз жүргізілгенін Серғазы Сарыбаев дәлелдеуге тырысқан.  

Серғазы Сарыбаев, ауыл тұрғыны:

- Он төрт адамның төртеуі ғана қол қойғанын мойындады. Жиналысқа қатыстым деп айтқан жоқ. Общественный тыңдау өтті деп айтқан жоқ. Қол қойдық дейді. Алып келген де сыртынан қол қойған ғой. Протоколдың өтірік екенін дәлелдегім келді. Протокол өтірік болып шықса, қолдан жасалған болса, сараптама ГЭСтың несі дұрыс болмас еді. Өтірік болар еді. Оны сотта мойындата алмай қойдық. Бірінші соттан жеңілдік, апеляциядан жеңілдік. Содан амал жоқ уступкаға бардық.

Осыдан кейін ауылда жиналыс өтіп, тұрғындар гидро электр станциясының басшылығымен кездескен. Соның нәтижесінде тараптар ортақ мәмлеге келіп, тоқсан адамның қолы қойылған шешім қабылдады.      

Дәулет Әділжанұлы, Екіаша ауылдық округінің әкімі:

- Үш жақты келісім шарт жасалды. Оның ішінде ауыл тұрғындары бар. Аудан әкімінің орынбасары бар. Жергілікті басқару органының атынан өзім Екіаша ауылдық округінің әкімі. Сонымен қатар «Басқан пауэр» компаниясының бас директоры Мұратов Сәкен арасында үш жақты келісім дайын. Бірінші мәселе бойынша су арнасында 50 пайыз ағуы, су құбырына 50 пайыз. СКЛ Соған байланысты кез келген уақытты су арнада 50 пайыз жатады. Осы енгізілді келісім шартқа.

Сонымен қатар құрылыс компаниясы жеті талаптан тұратын міндеттемені орындауы керек. Бастысы, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмысқа алуы қажет.   

Еркінбек Андағұлов, құрылыс компаниясының өкілі:

- Қатымхана мешітке көмектесеміз дедік. Содан кейін арықтар қазып береміз дедік, 32 шақырым. Оның бәрін істеп береміз. Жолын жөндеп береміз. Электр төлемдерінң 50 пайызын біз төлеп береміз он жылға.Соның бәрін қосқанда 150 млн болып тұр.

Аталған жұмыс ГЭС құрылысымен қатар жүрсін, - дейді тұрғындар. Сол кезде ғана көңіліміздегі күдік сейіліп, құрылыс компаниясына сенім артылатынын айтады.  

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев