Ералы Тоғжанов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Премьер – Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен  барды. Ол ең алдымен «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысып, оңтүстік өңірлерден көшіп келген отбасылармен кездесті. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда болып, халықтың табысын артту төңірегінде сөз қозғады.

Фатима Нәбиева биыл Маңғыстау облысынан солтүстікке көшіп келді. «Ол жақта қызымның денсаулығы болмай жиі ауыратын», - дейді ол.

Қазір жағдайы жақсарған. Ал өзі аудандық ауруханаға дәрігер болып жұмысқа орналасты. 

Фатима Нәбиева, ауыл тұрғыны:

- Көшіп келерден бір ай бұрын біз келіп кеткенбіз. Мұнда менің қайын інім көшіп келген бір жыл бұрын. Сонда осы жердің табиғаты бізге ұнады. Он шақты күн осында демалдық. Сонда қызымның денсаулығы жақсарды осында. Содан барғаннан кейін елімізге жылдам көшіп келуге шешім қабылдадық.

Солтүстік Қазақстан облысына «Еңбек» бағдарламасы бойынша 11 мыңнан аса адам көшіп келген. Оларға облыс орталығы – Петропавлда да орын табылды. Мысалы, электротехникалық зауытында жұмыс істейтін әрбір үшінші қызметкер оңтүстіктен көшіп келген. Қазір еңбек ұжымына 9 қабатты үй салынып жатыр. Пәтерлер 10 жылға пайызсыз беріледі.  

Ерсұлтан Шәмшиев, электротехникалық зауыттың басқарма төрағасы:

- Қазіргі сәтті біз уже список дайындап жатырмыз қандай мамандықтар тұрады, қандай сотрудниктер, то  есть көбінесе енді оңтүстіктен келген жаңағы мамандарға осы үйді береміз деген ойдамыз.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша көшіп келген отбасылармен Премьер – Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов кездесіп, жағдайларын сұрап білді. Оның айтуынша, адамдарға халқы тығыз орналасқан облыста отыра бергенше, жұмыс күші аз аймақтарға көш түзеу керек.  

 Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Қазір СҚО – да осындай нақты шаралардың жүзеге асырылудың арқасында бүгінде міне екі мыңнан аса азаматтар көшіп келіп отыр. Оның ішінде қазір 500 – ге жуығы ол осы ұстаздар, педогогтар. 300 – ге жуықтары дәрігерлер. Онымен қатар мына мал шаруашылығымен айналысатындар, мамандығы жоқ азаматтардың бәріне осы жерде арнайы оқ арқылы мамандықтарды беру арқылы қазір жұмысқа тұрғызылып жатыр. 

Елімізде халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Бұл ретте Ералы Тоғжанов: «бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру керек», - деді. Өйткені кәсіпкер өз қалтасын ғана емес, қарапайым халықтың да қамын ойлауы тиіс. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев