Елордада көлік кептелісі мәселесі шешімін таппай тұр. LIVE

Тұрғындар діттеген жеріне уақытылы жете алмай әлек. Өйткені бас қаладағы 50-ден аса көшенің жолдары жөндеуге жабылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала билігі қыркүйек-қазан айларына дейін жөндеу жұмыстары аяқталады дейді. Бұл туралы тікелей эфирге шыққан арна тілшісі Наргиз Бекмағанбетова айтып берді.