Жұмысынан айырылған 66 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік төлем алды

Жұмысынан айырылған 66 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік төлем алды

55 мың 700 азаматқа төлем алғаш рет берілді.

Естеріңізге сала кетейік, заңға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 2 жылдағы табысына байланысты 6 айға дейін әлеуметтік төлем ала алады. Үкімет беретін қаражат қызметкер жоғалтқан табыстың 40%-не дейінгі мөлшерде тағайындалады. 

Бұндай көмекті алу үшін егов электронды үкімет порталына тіркеліп, «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау қажет. Кейін онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтырып, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қою арқылы өтінімді жіберу керек. Содан соң бір күн ішінде сізге тұрғылықты мекен жай бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі. Кейін ұялы телефонға келген SMS хабарламаға жауап беру қажет. Сол сәтте төлем автоматты түрде тағайындалады.

ГРАФИКА1

ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ

66,1 МЫҢ АДАМ ТӨЛЕМ АЛДЫ

55,7 МЫҢ АДАМ ТӨЛЕМДІ АЛҒАШ РЕТ АЛДЫ

ТӨЛЕМ МЕРЗІМІ – 6 АЙ

ТӨЛЕМ КӨЛЕМІ – ТАБЫСТЫҢ 40%

ГРАФИКА2

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДІ АЛУ ЖОЛЫ

EGOV.KZ ПОРТАЛЫНДА ТІРКЕЛУ

«ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ» БӨЛІМІНДЕ «ЖҰМЫС ІЗДЕП ЖҮРГЕН АДАМДАРДЫ ТІРКЕУ» ҚЫЗМЕТІН ТАҢДАУ

ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТКЕ ТАПСЫРЫС БЕРІП, БАРЛЫҚ ЖОЛДАРДЫ ТОЛТЫРУ ЖӘНЕ ЭЦҚ-МЕН ҚОЛ ҚОЮ АРҚЫЛЫ ӨТІНІМДІ ЖІБЕРУ ҚАЖЕТ

1 КҮН ІШІНДЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛАДЫ

3 КҮН ІШІНДЕ ҚАШЫҚТАН ЖҰМЫССЫЗ МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛЕДІ

SMS-ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ КЕЛІСУ