Петропавлда биыл өрттен 30 адам қаза тапқан

Петропавлда биыл өрттен 30 адам қаза тапқан

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 400-ден аса өрт болып, 30 адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің халықпен өткен кездесуінде айтылды.

Еліміздің бас құтқарушысы: «Қайғылы жағдайларды азайту үшін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйіне дабылқаққыштар орнатып, электр сымдарын ауыстыру жұмыстарын жалғастыру керек» деді. Тағы бір өзекті мәселе – Петропавлда 18 қабатты үйлерге көтерілетін өрт сөндіру сатысы жоқ. Қазір оның 90 метрлігі 1 млрд теңгеден асады.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Өрт сөндіру сатысы туралы облыс әкімімен сөйлестік. Ол лизинг бойынша биыл сатып алынуы тиіс еді. Бірақ техниканың бағасы екі есеге қымбаттап кетті. Енді бұл сқрақ келесі жылға қалып отыр.