Түркістан облысы астанаға 500 тонна ауыл шаруашылығы тауарын жөнелтті

Түркістан облысы астанаға 500 тонна ауыл шаруашылығы тауарын жөнелтті

Конституция күніне орай Түркістан облысының шаруалары Нұр-Сұлтан қаласына 500 тонна ауыл шаруашылығы тауарын жөнелтті.

Табиғи таза өнімдер тамыз айының 27-28-і күндері Елордада өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шығарылады. Онда құны 478 млн теңге болатын 71 тауар өндірушінің өнімдері қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылады. 113 тонна ет және ет өнімдері, 165 тонна көкөніс, 69 тонна бақша дақылдары, 34 тонна жеміс-жидек пен тағы да басқа өнімдер нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады. Айта кетейік, биылғы жылдың 7 айында Түркістан облысының шаруалары 338 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірді.

Нұрбол Бекмұратов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда өңірде 248 тонна дәнді дақыл, 110 мың тонна жеміс-жидек, 1 млн тонна көкөніс, 1,5 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Осы шаруалардың өнімін тікелей өткізу мақсатында қазір 40-қа жуық жүк көлігі жолға шығып отыр. Біз елорда әкімдігімен келісімге келіп отырмыз, яғни жылдың соңына дейін әр аптаның сенбі-жексенбі күні біздің тауар өндірушілер барып, өнімін тікелей сатуға толық мүмкіндік бар.