Қандастар солтүстік пен шығысқа ғана қоныстанады – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

Қандастар солтүстік пен шығысқа ғана қоныстанады – Еңбек және әлеуметтік  қорғау министрлігі

Ал жауаптылар қандастарды қолдау жалғасады деп сендірді. Алайда азаматтық алу үшін отанға оралғандар тек Солтүстік пен Шығыс өңірлерге ғана қоныстануы керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп мәлімдеп отыр.  Ал бұл аймақтарға көшуден бас тартқандар шетел азаматы ретінде қаралады. Тиісінше, оларға мемлекеттік қызмет көрсетілмеді. Сонымен қатар Солтүстік пен Шығыс өңірлерге көшкендерге енді үй де берілмейді. Тек баспанаға қажетті қаражат үлестіріледі. Көші-қон сертификатымен берілетін қаржы көлемі қалада орналасқан баспананың жарты бөлігін ғана жабуға жетеді. Десе де отанға оралған азаматтың өзге аймақтарға көшуінің нақты себептері анықталса, бұл мәселе әр азаматқа қатысты жеке қаралады. Ал Маңғыстаудағы қандастарға Павлодарға қоныстану ұсынылып жатыр.

Ерболат Әбілхатин, ҚР ЕХӘҚМ  Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары:

- Қандас мәртебесін алу үшін тек қана Солтүстік немесе Шығыс облыстарына барып, сол жерде  қоныстану керек. Күні бүгінге дейін қандастарда Қазақстанда еркін тұру құқығы болды, бірақ соңғы оқиғаларға байланысты. Маңғыстау облысының әлеуметтік-саяси жағдайына байланысты, жұмыссыздық өршуіне байланысты  олар Солтүстікке бару керек. Ең басты мәселе ішкі қонысты Солтүстік-Шығысқа аудару.Осыған байланысты үй берудің орнына адамдарды ынталандыру үшін көші-қон сертификаты беріледі.