Еліміздегі әйелдерді IT салаға тарту мәселелері талқыланды

Әйелдердің 43 пайызы шағын және орта кәсіпкерлік иесі. Тек осы қыз-келіншектерді цифрлық экономикаға тартуда қиындық бар.

Сол үшін мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалуы керек. Бұл жайында бүгін президент жанындағы әйелде рістері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаеваның отандық IT кәсіпкерлермен кездесуінде айтылды. Жиында өздерінің әлеуметтік IT жобаларын таныстырған кәсіпкерлер, ең бастысы оны халыққа кеңінен жеткізу қажет дейді. Мәселен, "Ұят емес" жобасы 2018 жылы қолған алынған. Онда жастарға арналған достық, қарым-қатынас, махаббат, жыныстық қатынас және денсаулық жайлы мақалалар жаряи болады. Яғни жасөспірім өз ата-анасынан сұрауға ұялған тақырыптардың барлығын арнайы телеграмм бот арқылы біле алады.

Махаббат Боранбай, Uyat Emes жобасының коммуникация маманы:

- Аспан чат ботын жасау үшін бізге көптеген зерттеушілер, гинекологтар, дәрігер-андрологтар сонымен қатр осы сексуалды-репродуктивті орталықтың мамандары ат-салысқан сол жобаны жасауға.

- Алғашқы 7 айда бізге 112 мыңнан астам хабарлама келді. Оның ішінде 53 мың қазақша, 59 мың орыс тілінде келген болатын. 

- Жалпы біздің мемлекет тарапынан поликлиникаларға, мектептерге және де мемлекеттік ресурстық орталықтарының көмегі керек еді.