Мектеп автобустарының лицензиялары тексерілуде

Мектеп автобустарының лицензиялары тексерілуде

Абайлаңыз, балалар! Тәртіп сақшылары жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін тексеріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты мақсат – оқыс оқиғалардың алдын алу. Әр мектеп алдында жаяу жүргіншілер жолағы мен жылдамдықты шамадан тыс асырмауға арналған жасанды кедергілер орнатылған. Бағдаршамдардың жұмысы мен мектеп автобустарының лицензиялары тексеріліп жатыр. Бұл жұмыстың барлығы 1 қыркүйекке дейін атқарылады.

Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда елде шамамен 850 жалпы білім беру мекемесі бар.