Түркістанда «Денсаулық» саябағы ашылды 

Конституция күніне орай Түркістан қаласында «Денсаулық» саябағы пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аумағы 1 гектарды алып жатыр. Онда 600-ге жуық түрлі ағаш көшеті егіліп, жасыл-желек бой түзеген. Қала тұрғындары мен қонақтары таза ауада тыныстап, демалып отыру үшін 100-ден аса күннен қорғайтын бастырма орнатылған. Одан бөлек балалар ойын алаңы мен стритворкауд жасақталған. Саябақ ішінде ана мен бала мүсіні және әсемдік үшін 136 кіші сәулеттік формалар қойылған. Сонымен қатар саябаққа келген демалушылар үшін арнайы автотұрақ та қарастырылған. Саялы бақтың ашылуына қала басшылығы, ардагерлер мен өнер майталмандары қатысып, мерекелік концертті тамашалады. Жалпы қалада 33 саябақ пен аллея бар.

Еркін Есалиев, қала тұрғыны:

Бұрын бұл жер поля еді, шаңы шығып жататын. Енді көгал, балалар ойнайтын, салауатты өмір салтын қалыптастыратын спорт алаңшалары бар. Түркстан қаласына бұдан да үлкен парктер болса екен деп тілейміз. Шеттен келген науқастар бар, басқалар бар, соларға шамалы болса да таза ауада тыныстап, демалуға өте кермет дүние болды.