Қостанайда «Ахаң жүрген жолмен» атты экспедиция мәресіне жетті

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты ұйымдастырылған бұл шара үш айға жалғасты. Сапар мақсаты ұлт ұстазының көзі тірісінде табаны тиген жерлерді аралап, танымдық деректер жинау, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экспедиция  мүшелері  алдымен Ахаң қызмет еткен Қарағанды облысындағы Қарқаралыда, Ақтерек ауылында болды. Жергілікті өлкетанушы ғалымдармен, зиялы қауым өкілдерімен кездесті. 1932-1933 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы жер аударылған Ресейдің Архангельск қаласына барып, сол кезде тұрған үйін таспаға түсірді. 1926 жылы түркологтар жиыны өткен Әзірбайжан астанасы Бакуге де ат басын тіреп құнды деректерге қанықты. Сапар соңында Алматы қаласы маңындағы Ахаң атылған Жаңалық ауылындағы қорымнан топырақ алып, кіндік қаны тамған өлкеге жеткізді.

Абылай Мауданов, экспедиция мүшесі:

Біздің енді сапарымыздың түйіні сол жаңағы Ахаңның топырағын әкеп, кесенесіне салып, сонымен аяқталады. Бірақ мұнымен бітпейді. Біз 25 минуттық, 30 минуттық фильм болады.Сондай-ақ болашақта кітап жазамыз ба деген ойымыз бар. Өйткені Ахаңның өмірі мұнынмен толық қамтылған жоқ. Сол Ахаңның жүрген сапарын бәрін тізіп шықсақ деген ойымыз бар.