Шымкентте азаматтығы жоқ қандастарымызға көмек көрсетіліп жатыр

Шымкентте азаматтығы жоқ қандастарымызға көмек көрсетіліп жатыр

Азаматтығы жоқ қандастарымыздың балалары оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. 20 оқушы керек-жарағын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл құқық қорғау органдарына жүгініп, қажетті құжат алу үшін өтініш бергендердің балалары. Мамандар олардың ата-анасы әлі күнге дейін кеңес заманның төлқұжатымен жүргенін айтады. Төлқұжатын жоғалтып алғандары да бар. Дегенмен, азаматтығы жоқ балалар мектепке кедергісіз қабылданады. Тек мектеп бітіргенін растайтын сертификат алу кезінде кедергі болмас үшін осы бастан қамдану керек екен. Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл мәселені реттеп, құжат алуға көмектесіп жатыр екен. Бүгін бірнеше балаға туу туралы куәлік табысталды. Құжатсыз жүрген ата-аналар камерадан жүзін жасырып, ашық көрінгісі келмеді. 

Рано Нышанбаева, қала тұрғыны:

Құжат жоқ болғаннан соң көп нәрселерді жасай алмадым. Балабақшаға бара алмады балаларым. Бәрі үйде өсті. Қалалық білім бөлімі рұхсат берді. Енді үлкен қызым мектепке барды. 

Шахноза Хасанова, «Сана сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығының директоры:

– Қазіргі уақытта біз жүзден астам ересек азаматтың ісін ұйымдастырумен айналысып жатырмыз. Олардың ішінде 20 кәмілетке толмаған бала бар. Олар тегін құқықтық көмек ала-алады. Біз осы мүмкіндіктерді үйлестіріп, қандастарға хабар береміз. Осылайша азаматтыққа қатысы бар мәселелерді шешуге ықпал жасаймыз.