Шымкент жұрты жолдауға қолдау білдірді

Қоғам қайраткерлері мен кәсібі өрге басқан бизнес тұлғалар. Әр саланың көшін сүйреген белсенділер жаңа міндеттерді сараптады. Әсіресе кәсіпкерлерге жеңілдетілген тәртіпте несие беру мен жастарды жұмысқа тарту жағы жаңа инновациялық идеялардың дамуына жол ашады,- дейді.

Рәшкүл Оспанәлиева, кәсіпкер:

- 25 жыл болды мен осы кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқаныма. Мен ешқашан мемлекеттен осындай 2,5%, 3% кредит дегенді естімегенмін. Бұл деген тура мына шетелдегідей. Біз соны армандайтын едік. 

Президент елдің әл-ауқатын арттырып, тұрмысын түзеуге бағытталған бірқатар игі бастама көтерді. Соның бірі кәмелетке толмаған балалар үшін арнайы шот ашып, ұлттық қордың инвестициялық табысын тең бөлу. «Жаңа жобаны жүзеге асыруда әлем елдерінің тәжірибиесін негізге алу керек», - дейді қоғам қайраткері.

Шалатай Мырзахметов, қоғам қайраткері:

- Ерекше бұрын-соңды болмаған құбылыс болып тұр. Енді әрине шет мемлекеттерде ондай практика бар. Қай нәрсені де әрине бастау қиын. Бастаса оны әрі қарай жетілдіру қиын мәселе емес.

Бекет Тұрғараев, заң ғылымдарының докторы, профессор:

- Соттың барлық тірлігін шешетін сот кеңесі. Соны күшейту керектігін айтты. Мен ойлаймын мемлекеттік әділетті қоғам құрудағы сот системасына ірі өзгерістер болатынына кәміл сенеміз.

Шымкент те 245 мыңнан астам жас бар. Олар Президент Жолдауында айтылған бастамалар жүзеге асса, еңбекпен қамтылу деңгейі де артатынына сенімді. Сәйкесінше жұмыссыздар қатары әлдеқайда азаяды.

Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы