Елорда жәрмеңкесінде жамбылдықтар 10 тонна қантты арзанға сатты

Жәрмеңкеге Жамбылдан құны 400 млн теңгеден асатын өнім түрлері қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан бөлек, 10 тонна қант арзанға сатылды. Жауаптылардың айтуынша, мұндағы азық-түліктің құны базар бағасынан 10-20 пайызға төмен. 

100-ден аса Жамбылдық кәсіпкер бүгін өз өнімдерін елордалықтарға ұсынды. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге күнделікті тұрмыста қолданылатын азық-түліктің барлығы қойылып, нарықтан біршама арзан бағада сатылды. Одан бөлек, өңірдің бренд өнімдері де сатылымға шықты.

Қуаныш Сапаров, қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

– Дәстүрлі түрде өткізілетін бүгінгі жәрмеңкемізге 100-ден аса кәсіпкер келді. Ет, шұжық, сүт, көкөніс өнімдері сөрелерге қойылды. Мұндағы баға нарықтағыдан айтарлықтай төмен. Себебі егістіктіктен делдалсыз тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік беріп отырмыз.

Жәрмеңкеге жиналған жұрттың қарасың қалың. Көпшілік қолайлы баға мен сапалы өнімдерді жоғары бағалады. Сөрелерге қойылған өнімдердің көлемі де көп. Талғамға сай таңдап алуға мүмкіндік бар. Қала халқы, әсіресе, көкөністі таласып алып жатыр.

Таңдап алуға болады, қолжетімді баға. Жақсы. Қызанақ алдық, бұрыш алдық.

Арзан дүкенге қарағанда

Бәрі жақсы, ұнайды. Бағасы жақсы, арзан.

Сыр алсақ, магазинде 4 мыңнан арзаны жоқ. Мына жерде 2300-ден алдық. Колбасалар да сондай. Бізге пенсионерлерге ыңғайлы.

Ел астанасындағы жәрмеңке 13 қарашаға дейін жалғасады. Тұрғындарға тарту әр сенбі-жексенбі күндері өтетін болады. Осы күндері жәрмеңке сөрелері еліміздің әр өңірінен келген өнімдерге толады.

Авторлары: Бекзат Аманов, Ақылбек Есімсейітов