Қостанай облысындағы жағдай бақылауда – ТЖМ

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Аманқарағайдың тұрғындарының жағдайымен танысты. Ауыл жұрты Әулиекөл ауданы бойынша үш пунктке орналастырылған. Өңір басшысы азаматтарға тиісті көмек берілетінін айтты.

Ю.Ильин: адам шығыны жоқ

Жалпы Қостанай облысындағы өрт 9 мың гектардан астам аумақты шарпыған. Оқиға ортасында жүрген төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің сөзінше жағдай бақылауда. Бастысы адам шығыны жоқ. Қостанай облысының құтқарушыларына көрші аймақтардан өрт сөндірушілер көмекке тартылған. Ал өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерлерге көшірілген.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысның әкімі:

- Адамдарды қазір біз әлеуметтік нысандарға орналастырдық. Соның ішінде 2 мектеп, 1 интернат бар. Қосымша тамақ беріліп жатыр. Ауыз су мәселесі шешілді толығымен. Психологтар жұмыс жасап жатыр.