Жетісу облысында жолда малды қағып кету дерегі көбейді

«Алматы - Өскемен» тас жолының Ақсу ауданына қарасты учаскесінде мал қағу дерегі көбейіп кеткен. Жеті айда 11 жылқы трассада мертіккен. Абырой болғанда, жүргізушілер мен жолаушылар  аман. Жол-көлік апаты көбіне қас қарайған кезде немесе түнде болады. Оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін шаруалар малға жарық шағылыстыратын лента  тағып жатыр.

Мынау оңай алынады, былай шешіледі.Одан кейін мойнына саласыздар да қайтадан жаба саласыздар. Еш қиындығы жоқ. 

Абылай Рүстемовтың шаруашылығы «Алматы-Өскемен» тас жолынан бес жүз метр қашықта орналасқан. Төрт түлігін қараусыз қалдырмай түнде қораға қамап ұстағанның өзінде былтыр 3 жылқысын көлік қағып кеткен.  Сол себепті ол ауданда ең алғашқылардың бірі болып малына жарық шағылыстыратын мата тақтырды. 

Абылай Рүстемов, шаруашылық жетекшісі:

- Бір штугі 2200 теңгеге шықты, күндіз де түнде де тағып көрдік. 300 метрден көрінеді. Алыстан жылқының денесі көрінеді. Ал мойнындағысы кәдімгі фонарик жаққан сияқта отражаться етеді.

Қазір жайлаудағы төрт-түлік етектегі қыстауға түсе бастады. Осы кезде жолға жақын шаруашылықтарда мал саны артады. Жол көлік апатының алдын-алу үшін аудан прокурорлары шаруалармен жиналыс өткізіп, ұсыныс жасаған.

Әділет Сабырбаев, Ақсу ауданы прокурорының орынбасары: 

- 2021 жылы аудан аумағында малдарды қағып кету мен жолда 15 факт жол көлік оқиғалары болды. Ал биылғы жылдың сегіз айында 11 болып тұр. Аудан прокуратурасымен жол көлік оқиғаларын болдырмау, ең басты адам өмірін сақтау мақсатында сонымен қатар жүргізушілердің, шаруа қожалықтарға материалдық шығын келтірмеу мақсатында осындай жұмысты жасап отырмыз.

Тың бастаманы қазір өзге де шаруашылықтар қолдана бастады. Өйткені «Алматы-Өскемен» тас жолының Талдықорғаннан Үшаралға дейінгі аймағының басым бөлігі салынып бітті. Тақтайдай тегіс жолмен жүйіткіп жүретін көлік көбейген. Ірі қара мен жылқының мойнына тағылған мата түнде жүргізушілерге алыстан көрініп, жол апатының алдын алуға сеп болмақ. 

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев