Ақмола облысында өрт ауыздықталды

Ақмола облысында өрт ауыздықталды

Кеше түнде Ақмола облысында да орманды алқап өртке орана жаздады.

Зеренді ауданында жасыл желкендер жанып жатқандығы жайлы хабар кешкі сағат 8 шамасында келіп түскен. Оқиға орнына облыс әкімі Ермек Маржықпаев, төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев пен полиция департаментінің бастығы Думан Таев жедел жетіп, 200-ге жуық құтқарушымен бірлесе өртті толық ауыздықтап үлгерген. Қазір өңірдегі орман алқаптарына төнген қауіптің беті сейілді.